• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Қазақстанда eGov арқылы 2013 жылдан бері 73 мыңнан астам компания ашылды

Алматы. 12 сәуір. Ақпараттар орталығы. Қазақстанда үкіметтің электронды порталы- eGov арқылы 2013 жылдан бері 73 мыңнан астам компания ашылды, деп хабарлады «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ (ҰАТ) баспасөз қызметі.

Хабарланғандай, 12 сәуірде Қазақстанның электрондық үкімет порталының іске қосылғанына 10 жыл толды.
Қызметтердің электрондық формада қолжетімді болуы азаматтарға электрондық цифрлық қолтаңбаны тегін беруге байланысты болды. Бүгін Қазақстанда 10 млн. астам ЭЦҚ берілді, олардың 4,5 млн. жуығы азаматтардың жеке куәліктеріне жазылған» - деді ҚР ИДМ вице-министрі Сәкен Сәрсенов.

Бүгінде eGov порталын 5 млн. артық адам немесе Қазақстанның экономикалық белсенді халқының жартысынан көбі пайдаланады, оларға 240 электрондық қызмет пен сервис қолжетімді. Барлық кезең бойынша электрондық үкімет инфрақұрылымы арқылы 130 млн. жуық қызмет көрсетілді.

«ҰАТ» АҚ төрағасының орынбасарыБағлан Бекбауовтың айтуынша, eGov арқылы көбінесе мекенжай анықтамаларын (шамамен 64 млн.), жылжымайтын мүліктің бар немесе жоқ болуы туралы (20 млн. жуық) және зейнетақы аударымдары туралы анықтамалары (12,5 млн. аса) алынады.

Сонымен қатар eGov арқылы 2013 жылдан бастап 73 мың компания ашылды.

Электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы 18 млрд. артық теңге сомасына 3 млн. жуық транзакция өткізілді, олардың ішінде 10 млрд. сомасына төлемдер 2015 жылы жасалды.

Электрондық қызметтерді көрсету инфрақұрылымын дамытудың жаңа маңызды сатысы ҚР Мобильдік үкіметін қалыптастыру болып саналады. Қазір eGov мобильдік қосымшасы арқылы iOS, Android және Windows Phone платформалары үшін 80 әр түрлі қызмет пен сервисті алуға болады.

Мемлекеттік органдар жұмысының айқындығы, есеп беруге тиістілігі мен тиімділігі Қазақстанның «Ашық үкіметінің» дамуымен арта түседі. Бұл бес компоненттен тұрады: «Ашық деректер», «Ашық НҚА», «Ашық бюджет», «Ашық диалог» пен «Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау».

Ашық деректер порталында 338 мемлекеттік органдардың қоғамға қолжетімді машинамен оқылатын түріндегі жиынтық орналасқан, олардың негізінде 12 мобильдік қосымша құрастырылған. Сонымен қатар, қазіргі таңда 1470 ашық деректер жиынтығы бекітілген, олар осы жылдың қыркүйегіне қарай жарияланатын болады. Ашық бюджет порталында алғашқы ақпар осы жылдың мамыр айында жарық көреді – азаматтар 2015 жылғы бюджеттік бағдарламалардың жүзеге асуы туралы есепке қол жеткізе алады, деп хабарлады ҰАТ.

Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.

ru Лжеполицейских задержали в Шымкенте – МВД

ru Проблемные вопросы строительства в предгорной зоне г.Алматы рассмотрены на заседании

ru Виновный в смертельном ДТП с участием автобуса приговорен к 8

ru В экологической акции «Жасыл Аймақ» приняла участие и активная молодежь

ru В Алматы примут новый план реализации градостроительных регламентов

ru Предпринимателям компенсируют потери от паводков: утверждены правила

ru В Казахстане впервые вынесли приговор по факту хищения газа тепличным

ru В районе Эвереста запущена базовая станция 5G-A

ru Паводки в Казахстане: есть ли риски вспышки холеры и брюшного

ru Режим жесткой экономии введут в Казахстане - Токаев

ru Полицейские установили автора фейка о волонтерах в СКО

ru Учебный год в школах Казахстана завершится 25 мая

ru Порядка 15,5 тыс. пострадавших от паводков охвачено мерами поддержки по

ru Спецоперация проведена в баре Алматы

ru Почти треть участников финрынка используют ИИ в Казахстане — Нацбанк

ru «Крутые» госномера можно будет переоформлять на родственников

ru Сменились заместители председателя АНК

ru 3 крупные виртуальные точки продажи наркотиков выявило АФМ

ru Преподавателям вузов увеличат доплату за ученые степени

ru В Мангистау лиц с инвалидностью заставляли просить милостыню

ru 100 саженцев высадили в городе Жезказган в рамках недели "Жасыл

ru Подростка, “заминировавшего” собственную школу, осудили в Темиртау

ru В Правительстве дали разъяснения касательно дополнительной помощи пострадавшим от

ru Глава государства провел телефонный разговор с Президентом Узбекистана Шавкатом Мирзиёевым

ru Глава государства принял президента KIA Corporation Хо-сунг Сонга

ru МСХ предупредило о фейках о продаже мяса павшего скота

ru Сообщить о повреждениях на дорогах Алматы можно в чат-бот Telegram-канала

ru Два участка трассы Екатеринбург-Алматы закрыты из-за переливов воды

ru На защиту леса – самую массовую акцию высадки саженцев провели

ru Фонд «Әділ сөз»: СМИ имеют законное право освещать ситуацию в